Center Image
IHSAN.KZ
Жалғыз көйлек
Жалғыз көйлек

rubaha_suknoОмар ибн Абдулазиз ел басқарған халифалығы тұсында бір күні мінбеге шығып халыққа арнап сөз сөйледі. Халифаға жақынырақ отырған ел оның қайта-қайта үстіндегі көйлегін желпіңкіреп отырғандығын байқады. Оның бұл әрекетіне көзі шалғандардың қай-қайсысы болсын таңданбай қалмады. Сөйткенше болмай, ел ішінде күбір-күбір әңгіме басталып, бәрі де халифаның неліктен ара-кідік бұндай қимыл жасап отырғандығын білмекке өзара сұрастыра бастады. Әлден уақытта жиналыс та бітті. Мәселе анықталғанда ел мынаған көз жеткізген еді. «Бәйтул-малға» яғни халық қазынасына көзінің қарашығындай қараған халифа мұсылмандар мүлкін ысырап етіп, бас пайдасына жаратпас үшін маңдайына бұйырған жалғыз көйлегін қанағат тұтып, әлі құрғап үлгермесе де киіп алған көрінеді. Өйткені оның халифа бола тұрса да үстіне ілер басқа көйлегі жоқ еді. Ел алдында тұрып дымқыл көйлекті тезірек кептірмек үшін желпіңкіреп отырғаны сол екен...



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz