ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен «Адалдықтың ақ жалауы – Мұхаммед Пайғамбар» атты рухани Мәуліт кеші өтті.
Адамзаттың ардақтысы, екі дүниенің сардары – Мұхаммед пайғамбардың ﷺ дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылған рухани кешке мешіт жамағаты, зиялы қауым өкілдері мен мешіт ақсақалдары қатысты.
Кештің ашылуында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы алғы сөз сөйлеп, барша жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, рухани шараның маңызына тоқталды.
Рухани кешке елге танымал айтыскер ақын, жазушы Арман Бердалин арнайы қонақ ретінде қатысты. Өнер иесі өз шығармашылығы арқылы кештің мазмұнын байытып, жамағатқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар кеш барысында Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірі мен көркем мінезі, адамзатқа қалдырған өсиеттері кеңінен насихатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы