Center Image
IHSAN.KZ
«ХӘЗІРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«ХӘЗІРЕТ ӘЛИ» МЕШІТІНДЕ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегі таныстырылды.

Аталған еңбекті мешіт имамы Ербол Мұқанұлы жамағатқа таныстырып, кітаптың мазмұны мен қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы маңызына кеңінен тоқталды.

Таныстырылым барысында кітапта қамтылған адалдық, әділдік, имандылық, жауапкершілік және адамгершілік қағидаларының мәні түсіндірілді.

Сондай-ақ имам Ербол Мұқанұлы қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу, ізгі амалдарды көбейту әрбір мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz