Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінде  облысқа қарасты қала және аудан мешіттерінің имамдарына ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегі таныстырылды.

Аталған еңбекті Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы таныстырып, кітаптың мазмұны мен қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы маңызына кеңінен тоқталды.

Таныстырылым барысында еңбекте қамтылған адалдық, әділдік, жауапкершілік, имандылық және адамгершілік қағидаларының мәні түсіндірілді.

Сондай-ақ қала және аудан имамдарына аталған кітаптың мазмұнын жамағат арасында кеңінен насихаттау, қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды дәріптеу қажеттігі айтылды.

Бұл бастама дін қызметкерлерінің рухани білімін жетілдіруге және қоғамда ізгілік пен адалдық қағидаларын кеңінен насихаттауға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz