Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай жамағатқа арналған рухани кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, жамағат арасында өзара рухани сұхбат пен ізгілікке үндейтін насихат жүргізілді.
Кеш барысында мешіт имамы Нұржан Оңғарұлы жамағатты қасиетті Мәуліт айымен құттықтап, Алла елшісі Мұхаммед ﷺ-ның өнегелі өмірі мен көркем мінезі, адамзатқа қалдырған тағылымы жайында насихат айтты.
Имам өз сөзінде Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетін ұстанудың, бір-біріне құрмет көрсетіп, мейірімділік пен бауырмалдықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Рухани кеш соңында жамағат дастархан басында бас қосып, ақжарма тілектерін білдірді. Шара береке-бірлікті нығайтып, жамағаттың рухани байланысын арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы