Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде «Мәуліт сыйы» қайырымдылық акциясы жүзеге асты
«Қазыбек би» мешітінде «Мәуліт сыйы» қайырымдылық акциясы жүзеге асты

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Мәуліт айының құрметіне орай «Мәуліт сыйы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шарасы жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету мақсатында өткізілді. Акция барысында №26 мектептің 10 оқушысына мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары, киім-кешек және мектеп сөмкелері табысталды.

Ізгі шараға қатысқан мешіт өкілдері оқушыларға жаңа оқу жылында білімге құштар болып, жақсы нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдірді. Сонымен қатар жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасаудың маңыздылығы атап өтілді.

Өз кезегінде балалар мен ата-аналар көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын жеткізді.

«Мәуліт сыйы» қайырымдылық акциясы осылайша мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеп, қоғамдағы өзара қолдау мен ізгіліктің маңызын айқындай түсті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz