Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік ұйымдастырылды.
Ізгі бастамаға мешіт имамы мен шәкірттері қатысып, құлшылық үйінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында мешіттің ішкі және сыртқы аумағы ретке келтіріліп, айналасы қоқыстан тазартылды.
Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және мешіт аумағын көркейту.
Мешіт имамы мен шәкірттері тазалық жұмыстарына белсене қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жанашырлық танытудың маңыздылығын көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы