Center Image
IHSAN.KZ
Діннің кінәсі не?
Діннің кінәсі не?
Діннің кінәсі не?Діннің не екендігін қаперіне де ілмей, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі, күндердің бір күні иманды кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді: - Сендердің сенімдеріңнің бір пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтынеді ғой? Иманды кісі әлгі адамның бетіне бір сәт қарап тұрды да: - Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? -деді. Сабын шығарушысы дереу қарсы шығып: - Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не? - Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер діннің заңдылық пен талаптарын барлық адам орындағанда, күллі дүние баяғыда түзелген болар еді. Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz