Center Image
IHSAN.KZ
Қазыбек би мешітінде «Кітап сыйла» жобасы бастау алды
Қазыбек би мешітінде «Кітап сыйла» жобасы бастау алды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы рухани-ағартушылық бағыттағы «Кітап сыйла» жобасына бастамашы болды.

Жобаның басты мақсаты – мешіттер жанындағы кітапханалардың қорын мазмұнды тарихи, әдеби және өзге де жанрдағы кітаптармен толықтыру, жамағаттың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани білім мен ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Осыған орай Қарағанды қаласының қаламгерлері, баспагерлері және игі істі қолдаушы азаматтары аталмыш жобаға үлес қосып, құнды кітаптарды мешіт кітапханаларына тарту етуге шақырылады.

Сыйға берілген әрбір кітап – оқырманға жол көрсететін білім шырағы, қоғамның рухани дамуына қосылған ізгі үлес.

Кітап қабылдау шарасы Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде ұйымдастырылады. Баршаңызды игі бастаманы қолдауға шақырамыз!



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz