Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйел-қыздар жамағатына «Адал тағам: денеге азық, жүрекке әсер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға «Халал Даму» бөлімінің технологы Айжан Омарова арнайы қатысып, жиналған қауымға халал тағамның маңызы, азық-түлік өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігі және күнделікті тұтынатын тағамды таңдауда ескерілетін жайттар туралы түсіндірме берді.
Сонымен қатар облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы адал астың адам өміріндегі орнына тоқталып, адал ризықтың денсаулыққа ғана емес, адамның рухани дүниесіне де әсер ететінін насихаттады. Ол мұсылман баласы үшін адал ас тұтынудың маңызын атап өтіп, әрбір істің адалдыққа негізделуі қажеттігін жеткізді.
Тағылымды семинар барысында қатысушылар адал тағамның мәні мен маңызы жөнінде пайдалы мәліметтер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы