Center Image
IHSAN.KZ
Мейрамханалардың әкімшілігімен ас беру мәдениеті жөнінде кездесу өткізілді
Мейрамханалардың әкімшілігімен ас беру мәдениеті жөнінде кездесу өткізілді
Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы ас беру мәдениеті мен той өткізудегі тәрбиелік құндылықтарды насихаттау мақсатында мейрамхана әкімшіліктерімен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында ас беру мәдениеті мен тойдағы тәрбиелік бағыттағы жадынамалар таратылып, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, ысырапшылдықтың алдын алу және той өткізуде ізгі құндылықтарды ұстану мәселелері түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда ас беру мен той мәдениетін қалыптастыру, ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік мәнін арттыру және ысырапқа жол бермеуге шақыру

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz