Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Байқадам ауылындағы «Ғыйзат қажы» мешітінде жамағат арасында «Мұнара» газеті мен «Имам» журналының маңыздылығын түсіндіру және 2027 жылға жазылу науқанын насихаттау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Насихат жұмыстары барысында аталған басылымдардың діни сауаттылықты арттырудағы, ислам құндылықтарын кеңінен насихаттаудағы, ұлттық және рухани тәрбие берудегі маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ газеттер мен журналдарда жарияланатын танымдық мақалалар, діни-ағартушылық материалдар мен тағылымды ақпараттардың қоғамның рухани дамуына қосар үлесі атап өтілді.
Сонымен қатар жамағатқа 2027 жылға арналған жазылу науқаны туралы ақпарат беріліп, діни басылымдарға жазылудың маңыздылығы кеңінен насихатталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни білімін жетілдіру, рухани құндылықтарды дәріптеу және отандық діни басылымдардың оқырман санын арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы