Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы «Хазірет Әли» мешітінде жамағатпен кездесіп, ас беру мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ас беру мәдениетіне қатысты құжаттың мазмұны таныстырылып, ысырапшылдыққа жол бермеу қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар жамағатқа осы бағыттағы ақпараттық бүктемелер таратылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, ас беру кезінде шариғат талаптары мен ізгілік қағидаларын ұстануға үндеп, ысыраптың алдын алу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы