Қарағанды облысы Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында әскери бөлім сарбаздарымен «Бейбітшілік жолындағы бірлік» тақырыбында тағылымды басқосу өтті.
Іс-шараға Ерімбет ата мешітінің имамы Азамат Сайлауұлы және Ақтас кентіндегі Әулие Николай ғибадатханасының басшысы Александр Угольков қатысты.
Кездесу барысында дін өкілдері бейбітшілік пен бірліктің маңызы, қоғамдағы өзара сыйластық пен татулық туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ сарбаздардың қойған сұрақтарына жауап беріп, өзара түсіністік пен ынтымақты нығайту жөнінде тағылымды әңгіме өрбітті.
Басқосудың негізгі мақсаты – қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту, бейбітшілік құндылықтарын дәріптеу және жастардың бойында өзара құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара соңында мәдени-сауық орталығының басшысы Майра Оразғазықызы қонақтарға алғыс хаттар табыстап, мазмұнды кездесуге қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы