Center Image
IHSAN.KZ
Мәуліт айында хатым түсірілді
Мәуліт айында хатым түсірілді

Мәуліт айында хатым түсірілдіМәуліт айында хатым түсірілдіПайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күнінде оны еске алып, адамзат баласына қалдырған өнегесін қастер тұтуды ескеріп, игі дәстүрге айналдырған №1 мешітінің қажы апалары биыл да мәуліт айының құрметіне қасиетті жұма күнінің қарсаңында хатым түсірді. Алла Елшісін (с.ғ.с.) еске алып, оның атына салауат айтылды. Мұхаммед (с.ғ.с.) өмір сүрген кезеңді тарихшылар «алтын ғасыр» немесе «құтты заман» деп атаған. «Алтын ғасырда» ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жылу алған сахабалар сыпайы, нәзік, мейірімді болған. Көзбояушылық пен мал шашпақтан аулақ болып, әрбір істерін риясыз һәм ыждағатпен жасаған. Көпшілікке жомарттық жасап, қолғабыс тигізуге әзір тұрған. Осындай өнегелі өсиеттерін тағы бір қайталап, жадымызда жаңғыртқан ақ жаулықты аналармен бірге наиб имам Ермахан Оралбай қажы хатымның дұғасын бағыштап, еліміз бен жерімізге тыныштық тілеп бата жасады.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz