Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінде «Ата-ананың баласының алдындағы міндеті» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, отбасы тәрбиесінің маңыздылығы мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Жиында ата-ананың жауапкершілігі, балаға дұрыс тәрбие берудің жолдары, отбасындағы өзара құрмет пен ізгілік үстанымдары туралы кеңінен сөз қозғалды.
Сонымен бірге, қоғамда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара әйел жамағатының рухани сауатын арттыру және отбасындағы тұрақтылық пен татулықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы