Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ұстаз Фархад Нұрланұлының жетекшілігімен «Мафатихуль Джинан» («Жәннат кілттері») атты кітап бойынша дәрістер басталды.
Сонымен қатар Әбу Ханифа (Алла оны рақымына алсын) атты ұлы ислам ғұламасының өмірбаянына арналған дәрістерді аяқтаған шәкірттер арасында танымдық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында шәкірттер ғұламаның өмір жолы, ғылыми мұрасы мен ислам ілімінің дамуына қосқан үлесі туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген шәкірттерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Ойынның ең күрделі сұрағына дұрыс жауап берген шәкіртке Қағбаның жапқышы – кисуа сыйға тартылды. Бұл ерекше сый шәкірт үшін құнды естелік қана емес, діни білімге деген қызығушылығын арттыратын айрықша тарту болды.
Осындай тағылымды дәрістер мен танымдық іс-шаралар шәкірттердің діни білімін тереңдетіп, ислам ғұламаларының өмірі мен еңбектерін кеңінен танып-білуіне жол ашады. «Бала қажы» мешітінде жүзеге асып жатқан игі бастамалар білімге құштарлықты арттырып, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы