Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ «ИҚРО» ОҚЫРМАН ХАНЫМДАР КЛУБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«ӘЛ ҒАФФАР» МЕШІТІНДЕ «ИҚРО» ОҚЫРМАН ХАНЫМДАР КЛУБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағатына арналған «Иқро» оқырман ханымдар клубында бір ай көлемінде оқылған үш кітаптың қорытынды талқылау жиыны өтті.

Адамның жан дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтетін ең құнды құралдың бірі – кітап. Осы мақсатта бас қосқан оқырман ханымдар рухани танымын тереңдетіп, тәрбиелік мәні зор шығармалар бойынша ой бөлісті.

Кездесу барысында адам өміріндегі сенім, рухани тазалық және ұрпақ тәрбиесі сынды маңызды тақырыптар кеңінен талқыланды.

«Пайғамбарлар тарихы» – сабыр мен ғибрат мектебі. Кітап талқылау барысында пайғамбарлардың өнегелі өмір жолы, бастарынан өткен сынақтар мен қиындықтарға сабыр етуі, Аллаға деген берік сенімі туралы ой қозғалды. Қатысушылар пайғамбарлар тарихынан тағылым алып, оның бүгінгі өмірмен сабақтастығын сөз етті.

«Рух» – ішкі жан дүниені тану. Бұл кітап аясында адамның рухани болмысы, жүрек тазалығы, нәпсіні тәрбиелеу және жан тыныштығын сақтау мәселелері талқыланды. Оқырман ханымдар рухани кемелденудің маңызы мен Жаратушымен байланысты нығайтудың жолдары жөнінде пікір алмасты.

«Балам жақсы болсын десеңіз» – ұрпақ тәрбиесінің маңызы. Үшінші кітап талқылауы отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесіне арналды. Ата-ананың бала өміріндегі орны, отбасындағы өнеге, сүйіспеншілік пен жауапкершілікке негізделген тәрбие, ұрпақ бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру мәселелері кеңінен қозғалды.

Бір ай бойы өткен кітап талқылаулары қатысушылардың рухани танымын кеңейтіп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. «Иқро» оқырман ханымдар клубы осылайша кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, рухани дамуға және ізгілікке үндейтін игі бастамаларын жалғастыруда.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz