Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағымның алдын алу бойынша насихат жүргізілді
Жат ағымның алдын алу бойынша насихат жүргізілді

Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев «Қазақтелеком» мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, діни тұрақтылықты сақтау және жат ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында имам қызметкерлерге дәстүрлі ислам құндылықтары, қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы мен күмәнді ағымдардың белгі-нышандары жайлы кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге, жастарды діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу және қоғамда ауызбіршілік сақтаудың маңыздылығы туралы насихат айтты.

Шараның мақсаты — қызметкерлер арасында діни радикал идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру және ел ішіндегі тұрақтылықты нығайту.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz