Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің бір жыл толуына орай мешіт ұжымы арнайы басқосу ұйымдастырды.
Берекелі отырыс барысында ұжым мүшелері бір жыл ішіндегі атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарлар мен мақсаттар бойынша пікір алмасты.
Шарада мешіт имамы қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтіп, олардың дін жолындағы табанды қызметі үшін алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар ұжымға естелік сыйлықтар ұсынылып, мерейтой қуанышы ортақ бөлісті.
Іс-шараның мақсаты — ұжым ішіндегі ынтымақтастықты арттыру, қызметкерлердің еңбегін марапаттау және мешіт қызметінің одан әрі дамуына серпін беру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы