Center Image
IHSAN.KZ
Ақпараттық насихат тобының мүшелері Балқаш қаласында

ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша, ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі, Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның бекіткен жылдық жоспар бойынша ауыл, аудандарда ақпараттық насихат тобы өз жұмысын жалғастыруда. Осыған байланысты бекітілген кесте бойынша Қарағанды облыстық мешітінің наиб имамы Қомағамбетов Бекболат Зулжаладдинұлы Балқаш қалалық орталық мешітіне, Қарағанды облыстық мешітінің наиб имамы Карсембай Дархан Асылтайұлы ст. Балқаш «Теміржолшылар» мешітіне«Тәубә» жайында, Балқаш қаласының орталық мешітінің наиб имамы Түсіпбеков Асылхан Рахымжанұлы Қоңырат мешітінде 15-ші қараша жұма күні келіп, «Денсаулық – аманат» - «Тәні саудың, жаны сау» уағыз айтып, жұма намазын өткізіп қайтты. Ризашылығын білдірген қала жұртышылығы ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырып меймандарды шығарып салды. Уағыз насихат тобының мүшелеріне Аллаһ тағала разы болсын.

[gallery link="file" columns="5"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz