Center Image
IHSAN.KZ
Серпіліс берген семинар
Серпіліс берген семинар

Серпіліс берген семинарЕкі дүние бақытына бөленудің айқын жолы білім болғандықтан қасиетті Құранда да алғаш келген аятта: «Оқы, жаратқан Раббың Аллахтың атымен баста» деп келген. Пайғамбарымызға алғаш аят білімге шақыру арқылы баяндалумен шектелмей, әр Құран оқуды бастағанда «Бисмилаһир рахманир рахим» (Мейірімді, қайырымды Алланың атымен бастаймын), - деп әр ісін бисмилламен бастайтын мұсылман үмметін «Тал бесіктен көр бесікке дейін ілім ал» - деп шақырған. Пайғамбарымыз және бір хадисінде: «Білімді қытайдан болса да алыңдар» - деген асыл сөзін мұра еткен ауыл молдалары биылғы білім күні алғаш оқу жылына немерелерін әкеліп мұғалімге аманат қалдырған бойда, өздері де білімге жүгініп партаға отырды. Қыркүйектің 1,2,3,4 – де Бұқар жырау ауданы, Тегісжол ауылында орналасқан «Мұрат ата» мешітінің жанындағы медресеге ауданның бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы бастап ауыл молдалары аттестацияға дайындық және имамдардың білімін жетілдіру семинарына келді. Бұл семинарға 28 молда қатысты. Ақтоғай, Абай аудандарының молдалары Бұқар жырау ауданының молдаларымен тәжірибе алмасты. Семинарда Мысыр елінде оқыған «Әл Азхар» Университетінің түлегі ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық мешітінің ұстазы Тағаев Нұрбол Ақида, Фиқһ сабақтарынан дәріс берсе Баубеков Аманжан қари Құраннан дәріс оқыды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz