21.06.2013 жылы Қарағанды облыстық орталық мешітінің жанынан құрылған үгіт-насихат тобы кезекті жұмысын Қарағанды облысы Абай қаласында жүргізді. Үгіт- насихат тобының мүшесі Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Карсембай Дархан Асылтайұлы жиналған көпшілік қауымға алда келе жатқан «Бараат» кеші туралы уағыз айтты. Сондай-ақ ата-бабаларымыз ұстанған Имам Ағзам Абу Ханифа (р.а.) мазһабы екенін баса түсіндіріп айтты. Дінді насихаттау еріккеннің ісі емес, керіснше, дінді толыққанды меңгерген ғұламалардың ісі. Сол үшін Алла тағала Құранда былай деді: «Білмегендеріңді білгендерден сұраңдар», «Білгендер мен білмегендер тең бола алмайды».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Ғұламалар – Пайғамбарлардың мирасқорлары», — деп келтіреді. Демек, Пайғамбарлар артына мирасқа білім қалдырған, сол себепті үгіт-насихат тобы жиналған мұсылман қауымға білімді, кез-келген шариғи мәселені мешіт имамдары мен ұстаздардан үйренудің дұрыс екенін түсіндірді. Қазақ мақалы: «Тауық сойса да, қасапшы сойсын», яғни кез-келген көлденең аттыдан сақ болуға шақырады. ҚМДБ-ның үгіт-насихат тобын құрудағы мақсаты осы екендігін жеткізді. Жиналған жамағат осындай топтың құрылып, әр жерде уағыз-насихат жасалып жатқанына ризашылық білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы