Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданы Жанқұтты би мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
Шет ауданы Жанқұтты би мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Шет ауданы Жанқұтты би мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының халықпен және кәсіпкерлер-жанашырлармен  ұйымдастыруының арқасында ер және әйелдер дәретханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демеушілер арқылы алты миллион теңгедей қаражат тартылды. Қабырға және еденнің кафелдері жаңартылды. Керілмелі төбе тартылып, жарық шамдары ауыстырылды. Дәретханаға қажетті дүниелердің барлығы жаңадан ауыстырылды.
Бұл жөндеу жұмыстары мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жөндеу барысында сапалы материалдар қолданылып, барлық жұмыстар жоғары деңгейде атқарылды. Берік Алпысбайұлы осы іске жұдырықтай жұмылған барша жанашырға алғысын білдірді.  Осындай игі істер қоғамымыздың бірлігін нығайтып, мейірімділік пен қамқорлықты арттырады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz