Center Image
IHSAN.KZ
«Ел үлесі – пәтерге»: 766-пәтер Қарағандыда табысталды
«Ел үлесі – пәтерге»: 766-пәтер  Қарағандыда табысталды

  «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 766-пәтердің кілті  табысталды.

Бұл жолы табысталған қызметтік пәтердің кілті Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің наиб имамы Жакипов Бақытжан Жораханұлына табысталды. Баспананың кілтін Астана қаласынан арнайы ат терлетіп келген «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы табыстады.

Сондай-ақ, «Ауызбіршілік танытып, игі шараға атсалысқан жандарға алғысымызды білдіреміз», – деді Қарағанды облысының  бас имамы Естай Айтуғанұлы. Өз кезегінде пәтерге ие болған Бақытжан Жораханұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz