Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы «О. Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының шәкірттеріне «Ислам әдептері» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында шәкірттерге исламдағы әдептің орнын, асыл дініміздің әдептері жайында толығырақ мағлұмат берді.
Дініміздің негізгі мақсаттарының бірі адамзатты тәриелеу болып саналатынын, шынайы мұсылманның барлық жағынан әдепті болуы керектігін және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әдеп пен көркем мінезге толы өмір жолынан сабақ алуымыз хақында кеңінен сөз етті. Сондай-ақ, шәкірттердің сауалдарына жауап беріп, салиқалы сұхбат құрды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы