Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына «Қош бол, Рамазан!» атты рухани ауызашар кеші болып өтті.
Рухани кеште Алла Тағалаға зікір айтумен және сүйікті пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар жолданды. Рамазанмен қоштасу кешінің шымылдығын «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы ашып, қасиетті Құран Кәрім оқылып, хатым дұғасы жасалды.
Одан кейін, «Бала қажы», «Төлеутай ата» мешіттерінің ұстазы Фатима Аманболдықызы жиналған әйелдер қауымына насихат айтып, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы ізгі тілегін білдірді.
Берекелі шара барысында дәстүрлі әндер айтылды. Берекелі шара қайырымдылықпен жалғасыны тапты. Одан кейін, аталмыш шараның өтуіне демеушілік көсерткен ханымдарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Рамазанмен қоштасу хұтпасы оқылып, әжелер қауымы ақ батасын берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы