Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы қаримен сүбелі сұхбат өрбітті
Облыс бас имамы қаримен сүбелі сұхбат өрбітті

Мың айдан да қайырлы қасиетті қадір түнінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы облыстық «Әнет баба» мешітінде өзінің әуезде үнімен тарауық намазын өткізген  қари Сабыржан Мұхаммед Аюбжанұлымен сүбелі сұхбат өрбітті.

«Мен қалай қари болдым?» тақырыбында өрбіген сұхбат қасиетті қадір түніне жиналған дүйім жамағаттың алдында өрбіді.

Келелі әңгіме барысында Мұхаммед Аюбжанұлы облыс бас имамының тарапынан қойлған сұрақтарға жауап беріп, Өзінің Құранға түсу тарихы мен оны жаттау жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар, Құран оқудың әдептері мен қасиетті кітапқа деген құрметтің қаншалықты жоғары болуы керектігін тілге тиек етті. Сүбелі сұхбат барысында Алланың қасиетті Кәләмі Құранның жинақталу тарихы да қозғалып, жиналған жамағатқа Құран жайлы  көптеген ақпараттар берілді.

Сұхбаттың толық нұсқасын жақын арада YouTube арнасындағы IHSAN.KZ каналында жариялайтын боламыз.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz