Center Image
IHSAN.KZ
Дубовка кенті мектебінде кездесу өтті
Дубовка кенті мектебінде кездесу өтті

  Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев Дубовка кентіндегі мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде мектеп оқушыларына тәрбиелік-танымдық насихаттар айтылып, ислам дініндегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығы түсіндірілді. Отанға деген сүйіспеншілік, ата-ананың разылығына жету, дінді дұрыс ұстану, айналадағы адамдармен көркем мәміледе болу сынды тақырыптар рухани кездесудің өзегіне айналды.

Жиын соңында дін қызметкері оқушылардың  көкейлерінде жүрген шариғи сұрақтарына тұшымды жауап беріп,  білім алу жолында сәттілік тіледі.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz