Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде ұлттық жабдықтар жәрмеңкесі өтті
«Әнет баба» мешітінде ұлттық жабдықтар жәрмеңкесі өтті

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ұлттық құндылықтарға негізделген жәрмеңке болып өтті.

Қарағанды облысы бойынша  «Әйел-қыздар» секторы мен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ұйымдастырылған шара барысында жәрмеңкеге келген қонақтар қолөнершілер мен коллиграфия шәкірттерінің еңбектерін тамашалады.

Кеш барысында мешіттің ақ жаулықты әжелер қауымы қазақы дастархан жайып, кештің сәнін кіргізді. Бұдан бөлек,  тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылып, бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

Шараның басты мақсаты ата-дәстүр салтымызды жаңғыртып, жамағатқа насихаттау.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz