Center Image
IHSAN.KZ
Абайда аяқдоптан турнир өтті
Абайда аяқдоптан турнир өтті

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде «Жастар ісі»секторының ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» атты мешіт жамағаты арасында шағын футболдан турнир өтті. 

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында өткен турнирге сектордың жауапты меңгерушісі әрі Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Теңбіл доп додасы Абай аудандық мешіті жамағаты, Қарабас кенті жамағаты және Саран қалалық мешіті жамағаттары арасында өтті. 

Аталмыш шараны өткізудегі мақсат – мешіт жамағаттары арасында тығыз байланыс орнату, жат ағымдардан сақтандыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ,  мұсылманшылыққа тән сабырлылық пен көркем мінезді ойын кезінде де сақтауды үйрету.

Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды. 

І орын "Қарабас мешіті " командасы;

ІІ орын "Саран мешіті" командасы;

ІІІ орын "Абай мешіті" командасы

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz