Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін қызметкерлерінің еңбегі еленді
21 сәуір, 2023 жыл 212 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айы бойы игі істерді жүзеге асырып, қажырлы қызмет еткен мешіт дін қызметкерлерінің еңбегі еленіп, қызметке ынталандыру мақсатында сыйақы табыс етілді.

Берекелі ай бойы жамағатқа асыл дінімізді насихаттап, қайырымдылық істердің басы-қасында жүрген дін қызметкерлерінің еңбегі ерен. Осы орайда, мешіт имамы дін қызметкерлерінің риясыз атқарған еңбектеріне  алғыс білдіріп, бір айлық көлемінде арнайы сыйақы мен сыйлықтар тарту етті. Өз кезегінде мешіт қызметкерлері де Ысқақ Рахимбекұлына ризашылықтарын білдірді.

 

Қарағанды облысы бойыша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары