Қарағанды облысына қарасты Абай қалалық мешітінде «Рақмет айы Рамазан» атты рухани шара өтті. Шараға Қарағанды облыстық» Әнет баба» мешітінің ұстазы Әділмұрат Нұрбол қатысып, Абай жамағаты қасиетті айдың құрметіне жайылған ақ дастарқан басында әсерлі уағыз тыңдады. Игі шараға Елордада, Қарағандыдан бір қатар азаматтар қатысып, сауапты шараның куәсі болды. Аталмыш шара барысында Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы жиналған жамағатқа бірлік пен ынтымақ тақырыбында уағыз айтып, қонақтарға алғыс білдірді. Кеш соңында жиналған жамағатқа бүктемелер таратылды. Викториналық сұрақтар ұйымдастырып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар берілді
АБАЙ АУДАНЫНДА РУХАНИ КЕШ БОЛЫП ӨТТІ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы