Center Image
IHSAN.KZ
МӘУЛІТ МЕЙРАМЫ«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ (ФОТО)
МӘУЛІТ МЕЙРАМЫ«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ (ФОТО)

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы» атты мәуліт кеші болып өтті . Қасиетті мейрамға орай ұйымдастырылған берекелі шараға қаламыздың имамдары, ұстаздары мен дін қызметкерлері, жамағаты, кештің құрметті қонақтары қатысты. Шараны ұйымдастырып, игі істің басы-қасында жүрген «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд қажы Нұрұлы берекелі рухани шарада Өзінің уағыз-насихатын айтып, кеш қонақтарына ыстық ілтипатын жеткізді. Сондай ақ, рухани кешке арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей облыс бас имамының арнайы құттықтауы мен сәлемін жеткізді. Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. Берекелі шараның құрметті қонағы болып, кешке арнайы қатысқан белгілі айтыскер ақын Дидар Хамиев Алла елшісіне (с.а.с) арнауын жыр жолдарымен жеткізді.

 Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz