Бұқар Жырау ауданына қарасты Баймырза ауылдық мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында кіреберіс дәліздің (тамбур) құрылысы жүргізілуде.
Аталған құрылыс жұмыстары мешіт ғимаратының жылуын сақтау, суық ауаның ішке енуін азайту және құлшылыққа келген жамағатқа жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында қолға алынған.
Мешіттің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бұл игі бастама құлшылық үйінің жағдайын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы