Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН САЙЫС ӨТТІ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде жастар арасында үстел теннисінен спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі» бағыты аясында, мешіттің жастар ісіне жауапты маманы Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру және өзара бауырмалдық пен достық қарым-қатынасты нығайту.

Спорттық дода барысында жастар белсенділік танытып, өзара бақ сынасты. Тартысты әрі қызықты өткен жарыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың бірлігі мен ынтымағын арттыра түсті.

Мұндай игі бастамалар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және мешіт жамағаты арасындағы бауырластық байланысты бекемдеуге ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz