Бұқар Жырау ауданына қарасты Баймырза ауылдық мешітінің имамы Хуанган Оңғардың ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында игі шара өткізілді.
Аталған шара барысында ауыл аумағына 42 түп көшет отырғызылып, қоршаған ортаны көгалдандыруға үлес қосылды.
Игі бастамаға мешіт жамағаты мен ауыл жастары белсенді атсалысып, табиғатты қорғау мен туған жердің тазалығын сақтауда ұйымшылдық танытты.
Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлық таныту, жастарды еңбекқорлыққа баулу және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы