Center Image
IHSAN.KZ
АҒАДЫР КЕНТІНДЕ ЖАСТАРҒА ТӘРТІП ПЕН ӘДЕП ТУРАЛЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ
АҒАДЫР КЕНТІНДЕ ЖАСТАРҒА ТӘРТІП ПЕН ӘДЕП ТУРАЛЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлы жастарға тәртіп, әдеп және адамгершілік құндылықтары тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында имам жастарды қоғамдық тәртіпке бағынуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, айналасындағы адамдарға сыйластықпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар өзгені кемсіту мен қорлаудың зияны, буллингтің алдын алу және суицид мәселесі кеңінен қозғалды. Имам адам өмірінің құндылығына тоқталып, қандай қиындыққа тап болса да үміт үзбей, жақындарынан және тиісті мамандардан көмек сұраудың маңыздылығын түсіндірді.

Тағылымды кездесудің басты мақсаты – жастардың бойына көркем мінез, жауапкершілік пен ізгі қасиеттерді сіңіріп, теріс әрекеттердің алдын алу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz