Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен мешіт жастары рухани отырыста бас қосты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайту, өзара сыйластықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Рухани басқосу барысында достық пен татулықтың, бауырмалдық пен өзара қолдаудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар жастарды имандылыққа, ізгілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге шақыратын тағылымды әңгімелер өрбіді.
Осындай кездесулер жастардың рухани дамуына ықпал етіп, мешіт жамағаты арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға жол ашады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы