Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде ауыл ақсақалдарының қатысуымен «Ас беру мәдениеті: Құдайы ас – жарыс емес, сауап. Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Жиын барысында ас беру дәстүрінің діни әрі тәрбиелік маңызы, құдайы ас кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, дастархан әдебін сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар той өткізуде қарапайымдылықты ұстану, үлкенге құрмет көрсету, салт-дәстүрдің мәнін сақтау және кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру қажеттігі айтылды.
Кездесу барысында ауыл ақсақалдары өзара пікір алмасып, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Тағылымды басқосу дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтуға, халық арасында ас беру мәдениетін қалыптастыруға және ұлттық тәрбиені ұлықтауға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы