Қарағанды облысы Шахтинск қаласында Рухани келісім күніне орай «Ортақ бағдар — ортақ болашақ» атты қоғамдық диалог өтті. Қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған кездесуге Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы қатысты.
Жиынға қала әкімінің міндетін атқарушы А. Саттыбаев, кәсіби медиатор, Қарағанды облысы Азаматтық альянсының президенті Дмитрий Полтаренко, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.
Кездесу барысында қоғамдық келісімді сақтау, халыққа шынайы әрі сенімді ақпарат жеткізу және діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара құрметке негізделген ашық диалогтың маңызына тоқталып, ортақ мәселелерді бірлесе шешу жөнінде пікір алмасты.
Бейбітшілік пен татулықты сақтау — баршаға ортақ міндет. Осы бағытта өткен басқосу түрлі көзқарастағы азаматтардың өзара түсіністігін арттыруға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы бірлікті бекемдеуге арналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы