Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Мурсали Қаленұлы Республика күні қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Игі шара аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылып, мереке қарсаңында қолдау білдірілді.
Қайырымдылық іс-шарасының мақсаты – әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға жәрдемдесу, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дәріптеу.
Осындай игі бастамалар ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтып, қайырымдылықтың маңызын арттыра түседі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы