18 қазан – Рухани келісім күніне орай Қарағанды облысы, Нұра ауданында жастар арасында кіші қазақ күресінен «KOKZHAL OPEN CUP» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық доданың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және өзара бауырмалдық пен достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа Қарағанды облысына қарасты барлық ауданнан келген жас палуандар қатысып, өзара күш сынасты. Қатысушылар боз кілемде шеберліктерін көрсетіп, жеңіс жолында бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен палуандарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Тағылымы мол спорттық шара жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттырып, рухани келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы