Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай жастар арасында үстел теннисінен сайыс өтті.
«Тентек» спорт кешенінде өткен жарысқа 16 адам қатысып, өзара бақ сынасты. Діни қызметкерлер мен жас жамағат белсенділік танытқан шара жастар арасындағы достықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және бос уақытты тиімді өткізуге бағытталды.
Сайыс барысында қатысушылар ептілік пен шапшаңдық танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Достық пен өзара сыйластық аясында өткен спорттық кездесу жамағаттың ынтымағын арттырып, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті осы игі шараның өтуіне үлес қосқан азаматтарға, сондай-ақ «Тентек» спорт кешенінің басшылығы мен қалалық спорт бөлімінің басшылығына қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысын білдіреді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы