Center Image
IHSAN.KZ
Жастар ҚарЛАГ музейіне тағылымды сапар жасады
Жастар ҚарЛАГ музейіне тағылымды сапар жасады

25 қазан – Республика күніне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты меңгерушісі Әсет Наурызбайұлы жастармен бірге ҚарЛАГ музейіне тағылымдық сапар жасады.

Сапардың негізгі мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ел тарихына деген құрметті арттыру және өткеннің тағылымын терең түсіндіру.

Музейге бару барысында жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ауыр тағдырымен танысып, халқымыздың басынан өткен тарихи кезеңдер туралы мәлімет алды. Сонымен қатар жастарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы таратылып, ұлттық рәміздерді құрметтеу мен елдік құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы айтылды.

Әсет Наурызбайұлы жастарға туған жерді сүю, ел бірлігін сақтау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және тәуелсіздіктің қадірін білу әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.

Тағылымды сапар жастарға ел тарихын тереңірек танып, өткеннен сабақ алуға, отансүйгіштік рухты нығайтуға және тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz