Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітіне су сататын автомат орнатылды
Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітіне су сататын автомат орнатылды

Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің аумағына тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және мешіттің кіріс көзін қалыптастыру мақсатында су сататын автомат (водомат) орнатылды.

Аталған бастама қала тұрғындарына ауызсуды қолжетімді әрі ыңғайлы жолмен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автоматтан түскен қаражат мешіттің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және оның қызметін дамытуға бағытталмақ.

Бұл жұмыс тұрғындарға қолайлы жағдай жасаумен қатар, мешіттің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін нығайтуға да үлес қосады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz