Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде бейсенбілік рухани отырыс жалғасын тапты
«Әл-Машани» мешітінде бейсенбілік рухани отырыс жалғасын тапты

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік рухани отырыс жалғасуда. Бұл жолғы басқосуда мешіттің наиб имамы Ысқақ Рахимбекұлы жамағатқа «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Рим патшасы Гераклийге жолдаған хаты» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Кездесу барысында Алла елшісінің (с.ғ.с.) өзге ел билеушілеріне Ислам дінін жеткізу мақсатында жолдаған хаттарының тарихи маңызына тоқталды. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) даналығы, көркем мінезі, сабырлылығы мен дінді жеткізудегі өнегелі ұстанымы түсіндірілді.

Рухани отырыстың мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, сира ілімін кеңінен насихаттау және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолынан ғибрат алуға шақыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz