Center Image
IHSAN.KZ
Саран қаласында «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында кездесу өтті
Саран қаласында «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында кездесу өтті

Саран қалалық мешітінде ұлттық дәстүр мен діни құндылықтарды ұштастыру, ас беру мәдениетін насихаттау мақсатында «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында ата-әжелермен тағылымды кездесу өтті.

Жиын барысында құдайы ас берудің негізгі мақсаты – дүниеден өткен жақындардың рухына Құран бағыштап, дұға жасау, сауапты амал атқару және көпшілікпен ізгілік бөлісу екені түсіндірілді. Сонымен қатар ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермей, қарапайымдылық пен қанағатшылдықты ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында халқымыздың салт-дәстүріндегі ас беру рәсімінің орны, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ағайын арасындағы татулықты сақтау мәселелері де сөз болды. Құдайы астың бәсекеге немесе жарысқа айналмай, шынайы ниетпен жасалатын сауапты амал болуы керектігі ерекше атап өтілді.

Тағылымды басқосу ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, дәстүр сабақтастығын сақтауға және қоғам арасында ас беру мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz