Қарағанды облысы, Саран қаласында жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және жат діни ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастарға діни экстремизм мен радикализмнің қауіптілігі, теріс діни ағымдардың адам санасына әсері және олардың қоғамға тигізетін кері ықпалы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді саралай білу, діни ақпараттың дұрыстығын тексеру және күмәнді діни насихаттан сақтану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын қалыптастыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы