Center Image
IHSAN.KZ
№29 мекемесінде рухани-адамгершілік бағыттағы кездесу өтті
№29 мекемесінде рухани-адамгершілік бағыттағы кездесу өтті

Қарағанды облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық діни бірлестіктер клубының мүшелері №29 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесу өткізді.

Рухани-танымдық шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Данияр Ерікұлы қатысып, рухани-адамгершілік құндылықтар, діни сенім бостандығы, діни толеранттылық және конфессияаралық келісім тақырыптарында насихат жүргізді.

Кездесу барысында ізгілік, сабырлылық, адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерінің маңызы сөз болып, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара сыйластықты сақтау жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

Шараның негізгі мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың рухани дүниесін байыту, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы татулық пен конфессияаралық келісімнің маңызын түсіндіру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz